Мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Құтпанов ауданы, 16 а
Жұмыс уақыты:
с 07:30 до 18:00
Біздің телефон:
+7(7172)38‒32‒57
Email:
balbobek-25@edu.kz
17 октября, 2026

Аналар мектебі аясындағы «Жүзден жүйрік» қолөнер көрмесі

Балабақшамызда «Аналар мектебі» аясында «Жүзден жүйрік» атты қолөнер
бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балаларды қолдан тоқылған, тігілген бұйымдармен таныстыру,
ұлттық қолөнеріміздің ерекшелігі мен маңызын түсіндіру. Балалардың әсемдікке
қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа баулу, қол еңбегін бағалауға
және ұлттық мұрамызды құрметтеуге тәрбиелеу. Аналардың өнері мен
шеберлігін үлгі ете отырып, отбасы мен балабақша арасындағы
ынтымақтастықты нығайту.
Көрме барысында балалар аналардың қолынан шыққан бұйымдарды тамашалап,
олардың жасалу жолдары мен күнделікті тұрмыста қолданылуы туралы білді.
Тоқыма және тігін бұйымдарындағы ою-өрнектерге, түстердің үйлесіміне назар
аударып, әр жұмыстың ұқыптылықты, шыдамдылық пен еңбекті қажет ететінін
түсінді.
Көрме ұлттық өнерді жас ұрпаққа танытуға, балалардың танымын кеңейтіп,
қолөнерге деген қызығушылығын оятуға мүмкіндік берді.
Тәрбиеші:Абуова Р.Ж
https://www.instagram.com/reel/DT-
FUBpCLTd/?utm_source=ig_web_copy_link&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

КАК ЗАЧИСЛИТЬСЯ В ДОШКОЛЬНУЮ ОРГАНИЗАЦИЮ?

indigo

На официальном сайте Единого реестра всех дошкольных организации indigo-nursultan.e-orda.kz Вы можете получить полную информацию: Как зачислиться в дошкольную организацию? Как подать заявление на постановку в очередь и многое другое. indigo-nursultan.e-orda.kz