«Мейірім марафоны» аясындағы «Шын жүректен» қайырымдылық акциясы
Балабақшамыздың «Самұрық» мектепалды және «Балапан» кіші топтарының
тәрбиеленушілері «Мейірім марафоны» аясында ұйымдастырылған «Шын
жүректен» қайырымдылық акциясына қатысты.
Акцияның мақсаты – балалардың бойында мейірімділік, жанашырлық және
қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру, жақсылық жасауға, айналасындағы
адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Педагогтер балаларға қайырымдылықтың мәнін жас ерекшеліктеріне сай
түсіндіріп, жылы сөз айту, қол ұшын созу және бір-біріне қамқор болудың
маңызы туралы әңгімеледі. Ата-аналардың қолдауымен бүлдіршіндер ортақ игі
іске атсалысып, кішкентай жақсылықтың өзі адамға қуаныш сыйлайтынын
сезінді.
Мейірімге толы әрбір іс – бала жүрегіне ізгілік дәнін себетін өнеге. Акцияға
қолдау білдірген ата-аналарға алғыс айтамыз!
https://www.instagram.com/reel/DXcLqvviC6L/?utm_source=ig_web_copy_link&psln=Mz
RlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==