17 октября, 2026
Ата-аналарға кеңес:
Тақырыбы: «Заң мен тәртіп – бала тәрбиесінің негізі»
Құрметті ата-аналар!
Бала бойына заң мен тәртіпке деген құрмет ең алдымен отбасында қалыптасады.
Сондықтан төмендегі кеңестерді ескерулеріңізді сұраймыз:
- Балаларға күнделікті өмірде тәртіп сақтаудың маңызын түсіндіріңіз (ережеге
бағыну, өзгенің құқығын құрметтеу). - Үлкендердің жеке үлгісі – тәрбиенің ең тиімді жолы екенін ұмытпаңыз.
- Баламен ашық сөйлесіп, оның ойы мен пікірін тыңдай біліңіз.
- Баланың жауапкершілік сезімін қалыптастыру үшін өзіне лайық міндеттер жүктеңіз.
- Қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, әдептілік ережелерін үйретіңіз.
- Заңға қайшы әрекеттердің салдары болатынын жасына сай, қарапайым тілмен
түсіндіріңіз.
Бала тәртіпті ортада өссе, ол болашақта саналы, жауапты азамат болып
қалыптасады.
Отбасы мен балабақша/мектептің бірлескен жұмысы – табысты тәрбиенің кепілі.
Құрметпен: №19 “Балбөбек” балабақшасы!