17 октября, 2026
«Таза Қазақстан» аясында балабақшамызда бүлдіршіндердің қатысуымен «Таза аула – таза орта» атты балабақшаішілік акция өткізілді.
Акцияның мақсаты – балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа, табиғатты аялауға
және бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.
Бүлдіршіндер тәрбиешілердің жетекшілігімен балабақша ауласындағы түскен
жапырақтарды жинап, гүлдерге күтім жасауға атсалысты. Өз жасына сай жеңіл
тапсырмаларды орындап, айналаны таза ұстаудың маңызын түсінді.
Таза ортаға қамқорлық бала кезден басталады!