1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ойын-сауық
Балабақшамызда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай
мерекелік ойын-сауық ұйымдастырылды. Балалардың шат күлкісіне толы бұл
күн бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, бақытты балалық шақтың
маңызын ұғындыру. Бірлескен ойындар арқылы достық қарым-қатынасты
нығайту, өзара көмектесуге, сыйластыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін, белсенділігі мен қимыл-қозғалыс
дағдыларын дамыту.