Мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Құтпанов ауданы, 16 а
Жұмыс уақыты:
с 07:30 до 18:00
Біздің телефон:
+7(7172)38‒32‒57
Email:
balbobek-25@edu.kz
17 октября, 2026

«Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» тренингі

Балабақшамызда педагог-психолог Э. О. Манапованың ұйымдастыруымен
«Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренинг аясында «Педагог – заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыратын
тәлімгер» тақырыбындағы жағдаяттық кейстер талқыланды.
Мақсаты: Педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, кәсіби құқықтары
мен міндеттеріне жауапкершілікпен қарауын нығайту. Бала құқықтарын
құрметтеу, педагогикалық әдепті сақтау және күнделікті қарым-қатынаста заңға
сай әрекет ету дағдыларын жетілдіру.
Тренинг барысында қатысушылар педагогтің кәсіби қызметіндегі құқықтары
мен жауапкершілігі, балалармен, ата-аналармен және әріптестермен қарым-
қатынас мәдениеті туралы пікір алмасты. Баланың қадір-қасиетін құрметтеу,
қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.
Практикалық бөлімде педагогтер жұмыс барысында кездесетін жағдаяттарды
талдап, оларды құқықтық және әдеп нормаларына сай шешу жолдарын ұсынды.
Келіспеушіліктерді сабырмен реттеу, өзара сыйластықты сақтау және бала
мүддесін ескере отырып шешім қабылдау тәсілдері қарастырылды.
Кездесу соңында педагогтің жеке үлгісі балалардың ережелерді түсінуіне,
өзгенің құқығын құрметтеуіне және жауапкершілік сезімінің қалыптасуына
ықпал ететіні қорытындыланды.

Өткізген педагог-психолог:
Э. О. Манапова

https://www.instagram.com/p/DWYE-1giAtu/?utm_source=ig_web_copy_link&cplk=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

КАК ЗАЧИСЛИТЬСЯ В ДОШКОЛЬНУЮ ОРГАНИЗАЦИЮ?

indigo

На официальном сайте Единого реестра всех дошкольных организации indigo-nursultan.e-orda.kz Вы можете получить полную информацию: Как зачислиться в дошкольную организацию? Как подать заявление на постановку в очередь и многое другое. indigo-nursultan.e-orda.kz